28 қараша сағат 12:30-дан бастап республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас - Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент» автомобиль жолының 593-618, 618-654 шақырымында (Шақпақ - Шұқырбұлақ, Шұқырбұлақ – Машат асуы аралығында) ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барлық көлік түріне жүруге тыйым салынды.
«Түркістан облысы және қонақтары, сіздерден ұзақ жолға шықпауларыңызды өтінеміз» делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.