Қазақстан бойынша көктемгі ауа райы орнайды деп болжанады: оңтүстік өңірлерде күн айтарлықтай жылынады. Ал солтүстікте әлі де жауын-шашын мен көктайғақ болуы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, елордада алдағы күндері күн аздап жылынады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада 17 наурыз күні ауа температурасы 5 7 °C болады, желдің жылдамдығы – 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ал кешке елордада ауа температурасы 0, -2 °C дейін төмендейді.
18 наурызда Астанада күндіз ауа температурасы 7 9 °C-қа жетеді, желдің екпіні 15-20 м/с дейін, ал түнде 1 3 °C-қа дейін төмендейді.
19 наурызда елордада күндіз ауа температурасы 7 9 °C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде 0, 2 °C дейін салқын болады.
Алматыда 17 наурызда ауа температурасы күндіз 15 17 °C, желдің жылдамдығы 2-7м/с, түнде 2 4 °C болады.
18 наурызда Алматыда күндіз 18 20 °C дейін, түнде 5 7 °C дейін күн жылынады.
19 наурызда ауа температурасы күндіз 20 22 °C, түнде 7 9 °C дейін жылиды. Желдің жылдамдығы 2-7м/с болады.
Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын болады. Түнде ауа температурасы -3-тен 2°С, күндіз 4... 9°С.
Елдің батыс бөлігі – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз. Бірақ күші 20 м/с дейін жел мен шаңды дауыл тұрады.
Күндізгі ауа температурасы 18... 24°С, түнде 5... 12°С.
Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарында күн жылы және жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 20... 25°С, түнде 4... 9°С.
Шығыс өңірлерде – Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы 3... 8°С, түнде -10...-2°С.
Орталық өңірлерде – Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Түнде ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градусқа дейін.
Шымкент тұрғындарын алдағы үш күнде жылы ауа райы қуантайын деп тұр. Көшпелі бұлт шығады және оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4... 9°С, күндіз 20... 27°С.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК 17 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жасады.