Күнде қуатты жарқыл тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – 20 шілдеде Күнде қуаттылығы M2.5 санатына жататын жарқыл тіркелді. Ол 11 минутқа созылды және Жердің геомагниттік жағдайына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: spec.tass.ru

Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, M санатындағы жарқыл 20 шілде күні Мәскеу уақытымен сағат 17:36-да (Астана уақытымен 20:36) тіркелген.

– Рентген диапазонында 4489 (S04W22) күн дақтары тобында M2.5 санатындағы, ұзақтығы 11 минут болған жарқыл тіркелді, – делінген институт хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, M санатындағы жарқылдар қуаты жағынан X санатынан кейінгі екінші орында және кей жағдайда Жердің магнит өрісіне әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін 22 шілдеде Жерде магниттік дауылдар болатыны хабарланған еді.