Күндегі қуатты жарқыл Жер маңында радиациялық дауыл туғызды

АСТАНА. KAZINFORM — Күнде қуатты жарқыл тіркелді. Оның әсері жұлдыздың Жерге көрінбейтін бетінде болғанына қарамастан, біздің ғаламшарға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.

Фото: Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасына

Ғалымдардың мәліметінше, белсенділіктің көзі 4436 нөмірлі күн дақтары тобы болған.

Бұл аймақ бірнеше күн бұрын Жерге қарама-қарсы орналасқан.

Жарқалдан пайда болғаннан кейін мамандар Жер маңында орташа деңгейдегі радиациялық дауылды және Күн бөлшектері ағынының күрт артқанын тіркеді.

Ғалымдар Күндегі жарқылдың әсері жұлдыздың арғы бетінен Жерге жетуі мүмкін болғанын ерекше жағдай деп бағалап отыр.

Алдын ала деректерге сәйкес, зарядталған бөлшектер Күнді айналып өтіп, Жерге жеткен болуы ықтимал.

Мамандар құбылысты зерттеуді жалғастырып жатыр.

Қазірге дейін Күннің Жерге көрінетін бөлігінде осындай жарылыс белгілері анықталмаған.

Еске салсақ, Күн жарылыстары рентген сәулесінің қуатына қарай A, B, C, M және X санаттарына бөлінеді.

Мұндай құбылыстар Жерде магниттік дауыл туғызып, энергетикалық жүйелердің жұмысына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ олар құстар мен жануарлардың көші-қонына ықпал етіп, полярлық шұғыла байқалатын аумақты кеңейтеді.

Бұған дейін магниттік дауылдардың адам ағзасына әсері туралы хабарланған еді.

Осыған дейін қаңтар айы магниттік дауылдар бойынша он жылдық рекорд орнатқаны туралы жаздық.