Астрономиялық бақылаулар дерегіне сәйкес, Күн тәжінің солтүстік және оңтүстік бөліктерінде бір мезгілде қос протуберанец атқылауы тіркелген. Сонымен қатар рентгендік сәулеленудің фондық деңгейі шамамен екі есеге өсіп, қайтадан «C» класына жеткен.
– Бақылау нәтижелері Күндегі белсенділіктің қайта жандана бастағанын көрсетеді. Протуберанцтардың қосарланған атқылауы мен рентгендік сәулеленудің артуы процестердің күшею ықтималдығын білдіреді, – делінген мамандар мәліметінде.
Ғалымдардың айтуынша, қазіргі уақытта негізгі белсенді аймақ Күн дискісінің шығыс шетінде орналасуы мүмкін. Алайда бұл құбылыстың нақты даму сценарийі әзірге белгісіз.
– Сарапшылар екі ықтимал сценарийді қарастырып отыр: белсенділік жақын күндері бәсеңдеуі мүмкін немесе керісінше күшейіп, процестердің табиғатын нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтілген.
Мамандар Күндегі мұндай құбылыстар радиобайланысқа кедергі келтіріп, спутниктердің жұмысына әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетейік, бұрын Жерге магниттік дауылдар әсер етуі мүмкін екені хабарланған.