Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің ғалымдары 16 мың адамға зерттеу жүргізген. Бұл жұмыс 13 жылға созылған.
Қорытындысында көпшіліктің күндізгі көз шырымын алу пайдалы деген ұғымы теріске шықты.
Күндізгі ұйқыны әдетке айналдырған 40-79 жас аралығындағы жандардың арасында мезгілінен бұрын көз жұматындар саны тек түнде ұйықтайтындардан 14 пайызға артық болу ықтималдығы байқалған. Бір қызығы, күндіз бір сағаттан астам уақыт ұйқыға бас қоятындардың ықтималдығы 32 пайыз болған.
Мұның негізгі себептері әзірге анықталмай отыр, деп хабарлайды Росбалт.