Құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының Қазақстандық қауымдастығы құрылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Ұлттық қор нарығының операторлары баспасөз мәслихатын өткізіп, құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының Қазақстандық қауымдастығын (KASD) құрғанын жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қауымдастықты «БТА Секьюритис» АҚ, «Верный капитал» АҚ, «ИФД «RESMI» АҚ, «Казкоммерц Секьюритис» АҚ, «Сентрас Секьюритис» АҚ, «Тройка Диалог Казахстан», АҚ, «Halyk Finance» АҚ бастамасымен құрылып, KASD мүшесі болуды жоспарлайтын Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығынан, Қазақстан қор биржасы мен бағалы қағаздар орталық депозиттерінен қолдау тапқан.

«Тройка Диалог Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Елемесовтың айтуынша, қауымдастықты құрудың мақсаты - құнды қағаздар нарығына жоғары этикалық стандарттарды енгізу және жұмыс барысында туындаған мәселелерді өзара шешуге бағытталған. «Соңғы жылдары құнды қағаздар нарығында өте көп компаниялар ашылған, олардың саны өскенімен сапасы өспей отыр. Сондықтан осы салада көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан тәжірибесі мол компанияларды осы қауымдастықтың қатарына тартқымыз келеді», дейді А.Елемесов.

Жарғылық пен бағдарламалық құжаттарды қабылдау, заңды тұлға ретінде тіркеу, ішкі регламенттер мен үрдісін қалыптастыру KASD-тің жақын арадағы жоспары болып табылады.