Атап айтқанда, Мамаон РЭС-інде болған апатта 34 трансформаторлық шағын станса істен шығып қалып, салдарынан екі мыңнан астам адамы бар бірнеше ауыл жарықсыз қалған. Апаттың электр желісіне келіп қонған құтанның себебінен орын алғаны белгілі болды. Құтанның өзі өлім құшқан.
Желіні жөндеушілер апат салдарын жойып жатқанда екінші оқиға орын алған. Құндыз кемірген ағаш электр желісіне құлап, оны үзіп жіберген. Нәтижесінде мыңдаған адам электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Интерфакс.