Күндіз төрт, түнде бір қалада ауа ластанады

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін республикамыздың бес қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

- 2025 жылғы 20 шілдеде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Кореяда толассыз жауыннан 14 адам қаза тауып, 12-сі із-түзсіз жоғалғаны туралы жаздық.