Құны 1 млн теңгеден асатын мәдени құндылықтар саудасы қаржылық мониторинг бақылауына алынады

Фото: Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Құны 5 млн теңгеден асатын цифрлық активтер операцияларының бәрі Қаржылық мониторинг агенттігінің бақылауына алынады. Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстырған Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов осындай мәлімет айтты.

— Мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстанға әкелу не Қазақстаннан әкету жөніндегі операциялардың шегін 45 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылады, — деді ол.

Сондай-ақ, агенттік өкілі сомасы 5 млн теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар да енді қаржылық мониторингке алынатынын айтты. 

Еске салсақ, Мәжіліс ақпан айында ғана ақшаны жылыстатуға қарсы күрес туралы заң қабылдаған болатын.