Ақкөл ауданының прокуратурасы ауданның туристік кластерін дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуына ұдайы негізде талдау жүргізіп жатыр.
Орман пайдаланушыларының сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық іс-шаралар жүргізу үшін жалға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерін мақсатына сәйкес пайдаланбаған деректері анықталды.
— Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 2,2 млрд теңге болатын мемлекеттік орман қорының 10 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, оларды туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мүмкіндігі жасалды, — делінген хабарламада.
Аталған басым бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетелік елорда әкімдігі 38 жер учаскесін 1 млрд теңгеге сатып алатыны туралы жазған едік.