Күніне 10 сағаттан артық отыруға болмайды - дәрігерлер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар күніне 10 сағат қана отыруға болады деген мәлімдеме жасады. Ьұл жүрек- қан тамыры ауруларына әсерін тигізбейді.

Ғалымдардың тәжірибесіне  18 жастан асқан  (орташа жасы 54,5) 720 адам қатысты (57, 1 пайыз әйелдер мен 42,9 пайыз ер адам). Оларды 11 жыл бойы бақылауға алған.

Зерттеушілер адамдардың күні бойы отырып немесе жатып өткізген уақыттарының ұзақтығын бақылауға алды, соның ішінде оның жүрек- қан тамыры ауруларына әсерін бақылады. Тәжірибе барысында күніне 10 сағаттан артық отыратын адамдарда жүрек ауруына шалдығу қаупі басым екені белгілі болды, деп жазады шетелдік БАҚ.