Күніне 5 шай қасық қана қант тұтыну қажет - Ғылыми зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам күнделікті 5 шай қасық қана қант тұтынуы керек. Ньюкасл Университетінің зерттеушілері осындай пікірге келді. Ғалымдардың айтуынша, егер осы талапты адам берік ұстанса, ол жүрек ауруынан, қант диабетінен және тіс ауруынан сақтана алады, деп жазады The Telegraph.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жалпы тұтынатын калория құрамында қанттың үлесі 10 пайыздан аспауы керектігін 1990 жылдан бері ескертіп келеді. Бұл шамамен ер адамдар үшін 70 грамм, әйелдерге 50 грамм қант. Ал, зерттеушілер соңғы тұжырымда тіпті, оның мөлшерін 5 пайызға дейін төмендету керектігін ескертіп отыр. Оның себебі, қазір тәтті сусындар мен тамақтардың құрамында қанттың көбеюі болған.