«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 1,2%, 2015 жылғы ақпанмен - 7%-ға жоғарылады», делінген хабарламада.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,1%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 17,9%, жемістер мен көкөністерді - 9,8%, нан және жарма өнімдерін - 8,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6%-ды құрады.