— Көлемі жарты миллион шақырымға жуық өте ірі Күннің бетіндегі плазмалық бұлт бөлініп шыққан сәті бірден бірнеше ғарыш телескопының камерасына түсіп қалды, — делінген хабарламада.
Бұл — Күннің бетінде қалқып тұратын суық газ бұлттары. Олар көбіне жұлдыз бетінен ондаған, тіпті жүздеген мың шақырым биіктікте орналасады. Бұл газ бұлттары магнит өрісінің күш сызықтарымен шырмалып, солардың әсерінен бір орында тұрақтап тұрады. Сонымен қатар уақыт өте келе көлемі ұлғая береді. Кейде олардың ұзындығы жүздеген мың, сирек жағдайда миллион шақырымға дейін жетеді.
Протуберанецтер Күн тәжінің табиғи құрылымына жат болғандықтан, жұлдыз олардан арылуға тырысып, ғарышқа лақтырады. Мұндай құбылыстар магниттік дауылдарға себеп болуы мүмкін. Алайда бұл жолы плазмалық бұлт Жерге қарай емес, бүйір бағытқа қарай қозғалып барады. Мамандардың болжауынша, оның жолында Марс болуы мүмкін.
Соған қарамастан, протуберанец Жерге де әсер етуі ықтимал. Бірақ оның салдары айтарлықтай болмайды деп болжанып отыр.
Бұған дейін қазан айының соңында Жерде магниттік дауыл болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.