Күннен бiр мезгілде екi жарық шығуы Жерге және орбиталық жер серiктеріне зиян келтірмейді - НАСА

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкалық ғылыми жер серігі - Күн динамикасының обсерваториясы (КДО) - бір мезгілде қарсы жақтарда жарық шығарған екі күн жарқылын тіркеді.

Плазманың қуатты лақтыру күші Жерге және орбиталық жер серiктеріне кері әсерін тигізбеді. Бұл туралы АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңiстiгiн зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (НАСА) хабарлады, деп мәлімдейді ИТАР-ТАСС.

КДО 28 қаңтарда екі жарық шығару құбылысын тіркеді. Рентген сәулесінің күшіне байланысты күн белсендiлiгінің әсер етуі бес топқа жiктеледi: А, B, C, M, X (латын әріптерімен). Ең күштісі Х тобындағы жарық шығару, келесi топ алдыңғысынан 10 есе әлсiз.