Күннен қуат алатын батареялы ұшақ Тынық мұхиттан өтіп, Гаваяға қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер шарын айналып ұшып өту сапарын жалғастырған, күннен қуат алатын батарея орнатылған «Солар Импульс-2» ұшағы 8 мың шақырымдық жолды арқа қалдырып, еш аялдамастан Тынық мұхиттан өткен күйі Гаваяға қонды.

Ұшқыш Андре Боршберг әуе лайнерін Каполеи қалашығындағы Калаелоа әуежайына сәтті қондырды.

Сөйтіп ол күннен қуат алатын батарея орнатылған ұшақпен әуеде 118 сағат өткізді.

Сонымен Андре Бошберг американдық Стив Фоссеттің 2006 жылғы әуеде Virgin GlobalFlyer ұшағымен 79 сағат ұшқан рекордын жаңартты.

Еске сала кетсек, бұл әуе кемесі Нагоиден дүйсенбі күні ұшып шыққан еді.

«Солар Импульс-2» қанаттарының жалпы ұзындығы заманауи ұшақтармен пара-пар болғанымен, салмағы жағынан жеңіл көліктей ғана.