Күннен үлкен тесік табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың NASA ғарыш агенттігі жаңа 2015 жыл астрономдар үшін бірегей көрініс - Күннің оңтүстік полюсіндегі корональді тесікті бақылаудан басталғанын хабарлайды.

Бұл туралы Би-би-си жазды.

Күн динамикасының обсерваториясы 2015 жылдың 1 қаңтарында жұлдыз бетіндегі қараңғы учаскені анықтап, оны суретке түсіріп алды.

Күн бетіндегі корональді тесіктер - алып жұлдыздың магнит өрісінің жолақтары ажырайтын жер. Плазма күн маңындағы кеңістікте тұра алмай, ғарышқа қарай беттейді. Сәйкесінше, бұл жерде Күн бетінде плазманың тығыздығы мен температурасы төмендей түседі. Рентген диапазонында қара дақ болып көрінетін жер - корональді тесік осылайша пайда болады.

Бұл суреттерді NASA алғаш рет 1973 және 1974 жылдары алған. Корональді тесіктің пішіні үнемі өзгеріп тұрады, алайда оның өзі едәуір көп уақыт - бес жылдан астам тұра алады.