Күннің жылуына байланысты қар көшкіні болу қаупі бар

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Күннің жылуына байланысты Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында алдағы күндері қар көшкіні болуы мүмкін,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының гидрометеорологиялық мониториг орталығына сілтеме жасап.

Метеорологтар ертең наурыздың 11-і күні қандай да бір мәдени іс шараларды таулы аймақтарда өткізбеуге, тауда мейлінше, абай болуға шақырады.