Ресей Ғылым академиясының Қолданбалы астрономия институты мен Сібір бөлімшесінің ғарыштық зерттеулер институты мамандарының мәліметінше, аймақ тікелей Жерге бағытталып отыр. Ол орталық күн меридианында орналасқан және соңғы күндері жылдам өсіп, ауқымды аумақты қамтыған.
Ғалымдар бұл аймақтың тізіміне Beta-Gamma-Delta санаты берілгенін атап өтті. Бұл оның күрделі құрылымын және жоғары белсенділігін білдіреді. Бұған дейін ол Beta-Gamma санатында тұрған.
«Аймақта үлкен энергия қоры жиналғанына қарамастан, әзірге Жерге қарай қуатты жарқыл тіркелген жоқ. Дегенмен, күн тәжі аймағы қатты қызып тұр. Соның салдарынан оның жылулық сәулеленуі соңғы күндері үш-бес есе артты», – деп хабарлады мамандар.
Әзірге жағдай бақылауда болғанымен, ғалымдар алдағы күндері осы аймақтан елеулі жарқылдардың болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.
Айта кетейік, Қытайдың «Шэньчжоу-20» кемесінің экипажы ғарышқа үшінші рет аттанбақшы.