Күннің бұзылуына байланысты үш облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 6 ақпан сағат 19:00-де күннің бұзылуына байланысты Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мекемесі хабарлады.

Ақмола облысы:

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

Павлодар облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Атамекен ауылы);

Жамбыл облысы:

«РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы» автожолының 159-238 шақырымы аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін).

Жолды 2026 жылғы 07 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Осыған дейін Қарағанды облысында бірнеше бағытта көлік қозғалысы тоқтатылатыны туралы жаздық.