Құны 1 млрд. долларлық әскери мақсаттағы дирижабльді тоқтату әзірге мүмкін болмай отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дирижабль бекітілген жерінен ағытылып, Мэриленд (АҚШ) штатынан Пенсильвания (АҚШ) штатына қарай ұшып кетті, деп хабарлады CNN телекомпаниясы.

Ұшу аппаратына жақындайтын көлікті байқай алатын құрылғы орнатылған.

Дирижабльді тоқтату үшін Нью-Джерсидегі әскери базадан екі F-16 жойғышы аттанды. Сондай-ақ, оның жылжуын АҚШ Федералды авиациялық орталығы мен Солтүстік Американың аэроғарыш қорғанысының бірлесіп басқару жүйесінің радарлары бақылауда.

Телекомпания хабарлағандай, ұзындығы шамамен 70 метрге жететін бақылаусыз нысан ауданындағы барлық әуежайлар қызмет көрсетудің ерекше тәртібіне көшуі мүмкін.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, дирижабльдің құрылғыларымен қосқандағы құны шамамен 1 миллиард долларды құрайды.