Ұрлық қаладағы Большая Дорогомиловская көшесіндегі 15 үйдің маңында болған. Бұл оқиға жайлы полицияға салонның иесі хабарлады. Ол қарақшылардың «әдемі нөмірлі» «Мерседес» көлігімен іздерін суытқандығын айтқан.
Полиция қызметкерлері оқиға болған жерге шұғыл жетті. Бірақ әзіге ұрылар қолға түсе қойған жоқ, деп хабарлайды «Интерфакс».
Пальтосынан айырылған зардап шегушінің сөзіне қарағанда, киім 15 мың доллар тұрады.