Құны 165 млн. долларлық «Титаниктің» көшірмесі жасалмақ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайлық компания осыдан бір ғасыр бұрын суға батқан 'Титаник' кемесінің көшірмесін ойын-сауық паркіне арнап жасап шығаратынын хабарлады.

Құны 165 миллион АҚШ доллары тұратын көшірме "Титаник" кемесінің суға батқан кездегі көрінісіне ұқсатып жасалмақ. Ойын-сауық паркі Қытайдың орталығындағы Сычуань провинциясында салынатын болады, деп хабарлады «Азаттық». Бұған дейін австралиялық магнат Клайв Палмер де "Титаник" кемесінің көшірмесін жасау жоспарын жариялаған. Ол көшірме 2016 жылы бітуі тиіс.

Ұлыбританияда құрастырылған "Титаник" жолаушылар кемесі 1912 жылы Солтүстік Атлантикада айсбергке соғылып, суға батқан еді. Кеме апатынан 1500-ге тарта адам қаза болған.