Құны 2 млн.теңге болатын теңіз шаяндарын Ресейге заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Жалпы салмағы 400 келі, ал құны 2 000 000 теңге болатын теңіз шаяндарын елімізден Ресейге заңсыз асырмақ болған азамат ұсталды.

Орал шекара отрядына қарасты «Шаған көлік» өткізу бекетінің шекарашылары «Митсубиси» автокөлігімен көршілес мемлекетке кетіп бара жатқан 30 жастағы ресейлік азаматты тоқтатты.

Көлік құралын қарау кезінде оның ішінен жалпы құны 2 000 000 теңге, ал салмағы 400 келі болатын теңіз шаяндары табылды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған жүк Орал ауданаралық балық инспекциясына берілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.