«Ынталандырулар пакеті ҮИИДМБ сәйкес экономиканың басым салаларындағы құны 20 млн. АҚШ долларынан кем емес жаңа инвестициялық жобалар үшін берілетін болады», - деді М. Құсайынов.
Бұдан өзге, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін экономиканың нақты секторына арналған тарифтерінің болжамдылығын қамтамасыз ету жолымен ұзақ мерзімге табиғи монополияның барлық субъектілеріне тарифтердің шектеулі деңгейін бекіту көзделген.
Сонымен қатар, инвесторлардың мүдделерін және құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде «инвестициялық омбудсмен» институты енгізілмек.
Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметі инвестициялық климатты жақсартудың Кешенді жоспары жобасын мақұлдады.
Оның сөзіне қарағанда, кешен жобасы қабылданса, Салық кодексіне, Инвестициялар туралы, Табиғи монополиялар туралы, Халықты жұмыспен қамту және Көші-қон туралы заңдарға өзгерістер енгізу қарастырылған.