«Атырау» сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылды. Кристиан Алекс Джуниор командаға еркін агент ретінде қосылды (ақысыз). «Атырау» футбол клубы бұл трансфер үшін ақша шығындаған жоқ. 27 жастағы қорғаушы бұған дейін «Арарат– Армения» командасының сапында өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан Армения чемпионы атанған болатын. Тransfermarkt деректеріне сүйенсек, Кристиан Алекс Джуниордың нарықтағы бағасы 200 мың евроға тең», - деді «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау» футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамада ойнайтынын жазған болатынбыз.