Құны $5,4 трлн платина астероиды Жерге жақындап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы демалыс күндері Жерге ерекше астероид жақындайды. Оның ерекшелігі - бағасында. Құны - 5,4 триллион АҚШ доллары.

Ғалымдардың айтуынша, бұл ғарыш денесінің ядросының салмағы шамамен 100 миллион тонна және ол толықтай платинадан құралған.

Астероидтың кодтық атауы 2011 UW-158. Ол Жерге 19 шілдеде 2,4 миллион шақырымдай жақындайды. Бұл ғарыш ауқымында көп емес деп есептеледі.

Канар аралдарында орналасқан обсерватория мамандары ғаламтор арқылы астероидтың жерге жақындауын тікелей трансляциялайды.