«Биыл Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты 1,150 млрд текше метр шикі газын, құны 860 млн АҚШ долларын құрайтын газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Болашақта оны жылына 4-5 млрд текше метрге дейін одан әрі кеңейту қарастырылуда», - деді министр.
Оның атап өтуінше, аталған жобаны іске асыру нәтижесінде – қосымша 800 млн текше метр тауарлық газ өндіріліп, зауыт құрылыс кезеңінде 2 800, пайдалану кезеңінде 600 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады.
«Осы зауыт аясында мұнай-газ химия үшін бағалы шикізат саналатын тауарлық және сұйытылған газдың қосымша көлемі алынады. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және Engineering Procurement Construction мердігері анықталды. Жұмыс күшін жұмылдыру, іргетас аумақтарын дайындау жүргізілуде. Зауыттың құрылысын аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.