Құны артық 48 мешіт

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарж қаласындағы ислам істері жөніндегі департаментінің төрағасы, шейх Сакр бин Мұхаммед әл-Қасым ел аумағынан 48 мешітте араб тілінде сөйлесе алмайтындарға және саңырау мұсылмандарға жағдай жасағандарын мәлімдеді.

«Ол ел аумағы бойынша елуге тарта мешітте жұма уағызы урду, пушту, малаял, тәміл, сондай-ақ, ағылшын тілдерінде айтылатынын жеткізді» деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.

Бұған қоса, аталмыш департамент гуманитарлық қызметтің көмегімен осынау бірегей жобаны жүзеге асыру үшін саңырауларға уағызды ым-ишарамен жеткізетін сурдоаудармашыларды тартқанын да тілге тиек етеді.