Құралай Нұрқаділованың сән үйі «Bezko» брендімен бірлескен киімдер топтамасын ұсынбақ
Тұсаукесерде биылғы күзгі-қысқы маусымдағы әйелдер киімдерінің топтамасының көрсетілімі болады. Бұл қалың көпшілікке арналған киімдердің жаңа сауда маркасы болмақ, деп жазады qazaq-alemi.kz.
KURALAI inc. сән үйінің ел нарығында жұмыс жасап келе жатқанына бірталай жылдардың жүзі болды. Қазақстандық бұл бренд әйелдердің киімдері мен оның аксессуарларын дайындаумен айналысады. Ресейлік «Bezko» компаниясы да әйелдер киімдерінің танымал өндірушісі болып саналады. Айта кетейік, қазақстандық дизайнер, суретші, стилист Қ.Нұрқаділова алғашқы киімдер топтамасын 1992 жылы «Сымбат» сән үйінің негізінде дайындап шыққан болатын. Содан бері ол есімі Қазақстан аумағында ғана емес, қайталанбас киім үлгілерін Италия, Испания, Франция, Ресей сынды бірқатар елдердің талғамды тұтынушыларына ұсынып келе жатқан танымал сәнгерге айналды.