Ринг төріне ақтық сында бесінші боп көтерілген команда капитаны Данияр Елеусінов (69 кг) кубалық Ариснойдус Деспайнды 3:0 есебімен жеңіп, құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Бұған дейін ел құрамасы 2003 және 2005 жылдары өткен Әлем чемпионатында 2 мәрте Қазақстанның әнұранын шырқатқан болатын.
Даниярдың бұл жекпе-жегін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалап, оны жеңісімен құттықтады.
16:12, 26 Қазан 2013
Құрама капитаны бокстан қазақстандықтарды командалық есепте Әлем чемпионатының жеңімпазы етті
АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы бокстан Әлем чемпионаты тарихындағы өз рекордын жаңартып қана қоймай командалық есепте мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.