45 спортшыны қосып отыр. Бұл спортшыларымыз шамамен 25-27 медаль алудан үмітті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы спорт басқармасының бастығы Николай Князев айтып берді.«Фристайл бойынша құрама негізінен осы «Динамо» спортшыларынан жасақталған, сондықтан, осы спорт түрі бойынша жеңіске жетеміз деген ойымыз бар, әсіресе қыздар құрамасына үлкен үміт артып отырмыз. Қыздар командасының ішінен фристайл бойынша Әлем кубогының екінші сатысында жеңімпаз атанған Юлия Галышеваны ерекше атап айтқым келеді. Ол біздің команданың халықаралық аренадағы үлкен жеңіске жетуіне үлес қосты, «могул» бағдарламасында Ванкувер чемпионы Ханн Керниден озып кетті. Сол кезде ҚР қыздар құрамасы Жапония спортшыларын артта қалдырған болатын, қазір де біз осы қалпымыздан таймауымыз керек», - дейді Н.Князев.
Басқарма бастығының ойынша, соңғы кездері біздің фристайл бойынша сынға түсіп жүрген спортшыларымыз, атап айтқанда, Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов, Дарья Рыбалова, Юлия Родионова мен Юлия Галышевалар жақсы нәтиежелерге қол жеткізіп жүр. Өткен маусымда олар Еуропа Кубогының бес сатысында жеңіп, бірнеше күміс және алтын медальдарға ие болған, сондықтан алдағы Азиадада үздік үштіктің арасынан табылу олардың қолдарынан келеді.
Н.Князевтың айтуынша, «Динамо» клубының тағы бір жақсы спортшысы - бағдарлаушы Александр Бабенко да алтын медаль алуы керек. «Бағдарлаушылардың барлығы жақсы өнер көрсетуі керек. Олардың жеңістері Қазақстан құрамасы үшін өте қажет. Олардың барлығы ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізсе, біз қытайлық спортшылармен иық тірестіре аламыз», - деген ойын жеткізді «Динамо» клубы спорт басқармасының бастығы.
Ал «Еңбек» хоккей клубының президенті, спорт шебері Сергей Шаверневтың пікірінше, отандық спорттың дамуы осы Азиада ойындарының қорытындысына тәуелді. «Біздің Азиада-2011 ойындарында биіктен көрініп, 2014 жылы Сочидегі жарыстарға барамыз деген үлкен үмітіміз бар. Спорт нысандары, атап айтсақ, Астанадағы мұз айдыны, Азиадаға арналып салынған басқа да нысандар жаттығып, алдағы ойындарға мықты дайындалуға және жеңіс үшін күресуге мүмкіндік береді. Біздің «Барыс» командамыз құрлықтық хоккей лигасының құрамында, жастарымыз шыныға бастады, соның барлығын сіздер Азиадада көретін боласыздар», - деді ол.
С.Шавернев сондай-ақ хоккейден қыздар құрамысының жақсы дайындығын атап өтті. Біздің қыздар құрамасы бұрын өткен қысқы Азия ойындарында екі рет жеңіске жеткенін де айта кету керек. «Ерлер құрамасы бұл нәтижелерден асып түсті, алайда қыздардың иығындағы жүк те екі есе ауырлай түседі. Біздің қыздардың қарсыластары - қытайлық және жапондық хоккейшілер мықты дайындықпен келеді», - деп атап өтті хоккей клубының президенті. Оның айтуынша, бұл ретте біздің қыздар да осалдық танытпайды, Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Еуропада екі жиын өткізіп, Еурокубокқа қатысқан. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Александр Мальцев Қытайға сапар жасап, қарсыластарымыздың ойындарына зерттеу жүргізді, қазір бас жаттықтырушы өзінің шәкірттері тек алтын үшін ғана күреседі деген ой айтып жүр.
Халықаралық шаңғымен тқғырдан секіру кешенінің спорттық ғимаратының нұсқаушысы Иван Каркачевтың пікіріне жүгінсек, ол К-125 және К-95 тұғырлары пайдалануға берілгеннен бері біздің шаңғышылырымыз үлкен жарыстарға дайындалуға негіз болатын толыққанды базаға ие болды, яғни спортшылар Азиадада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізулері керек деген ойын жеткізді. Алайда, жеңіске жету қарсыластарымыздың құрамына, әсіресе жапондықтардың командасына байланысты. «Егер жапондықтар бірінші құраммен келсе, оларды жеңу мүмкін емес десек те болады, ал егер екінші құрам қатысатын болса (бірінші құрам Түркияның Эрзурум аймағында өтетін Бүкіләлемдік универсиадаға қатысуға кетуі мүмкін), онда біздің спортшыларымыздың жеңіске деген үміттері артады», - дейді маман.
Оның ойынша, алдағы Азиадада көрініс табатын үлкен бір кемшілік - жарыстарға тек екі спортшының ғана қатысуы. Және де спорттың әр түрі бойынша да осы кемшілік қайталанған, яғни төрт шаңғышының орнына екі шаңғышы, төрт биатлоншының орнына екі биатлоншы жарысатын болады. «Менің ойымша, бұл дұрыс емес, себебі біздің құрамада төрт споршы және тағы бір қосымша шаңғышы бар ғой. Олардың барлығын жарысқа қосқан дұрыс еді. Алайда енді жарысқа екі адамнан тұратын төрт команда ғана қатысатын болды», - деп мәлім етті И.Каркачев.
Нұсқаушының айтуынша, жалпы алсақ, біздің спортшыларымыз әлі де дайындалуы керек, ал құрамамызға қосымша резерв пен балаларға арналған К-20, К-40, К-60 жаттығу тұғырлары қажет. «Әйтпесе, бірнеше жылдан кейін үлкен тұғырларға деген сұраныс болмағанымен, жаттығуға арналған тұғырлардың болатыны қуантады. Яғни спорт дамитын болады деген үміт бар», - деген ойын жеткізді И.Каркачев.