Құрамына Қазақстан да енетін ҰҚШҰ елдерінен адамдарды «Ислам мемлекетіне» тартатын он мыңдаған сайт анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрамында Қазақстан да бар Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы елдерінде «Ислам мемлекеті» ұйымына адамдар тартатын он мыңдаған сайттар анықталды. Бұл туралы «Мнения» («Вести.ru» телеарнасы) бағдарламасында ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді.

Бас хатшы Тәжікстандағы тұрақсыз жағдайға тоқтала келе, Орталық Азиядағы тұрақтылықты шайқалтуға сыртқы күштер барынша күш салып жатқандығына сенім білдірді.

«Әсіресе, бұл «Ислам мемлекеті». Олардың басты қағидаты, басты бағыты - экспания. Олар мұнымен белсенді айналысуда. Сондықтан астыртын әрекеттер жүргізіп, адамдарды өздеріне тартуда. Осында келе жатып, жаңа ғана эфирден сыртқы істер министрінің орынбасары Смирнов мырзаның сұхбатын көрдім. Ол ИГИЛ-де, соғыс қимылдары аймағында 2500-ден астам ресейлік бар екенін айтты, тәжіктер өте көп, қазақтар мен қырғыздар да бар деді. Яғни адамдарды өздеріне тартып жатыр», - деп атап өтті ол.

«Біз таяуда адамдарды тартумен айналысатын сайттарды анықтап, ақпараттық ортаны бақылау бойынша операцияны аяқтадық. Олар жаңа еркін, гүлденген мемлекетке отбасын тастап немесе отбасымен бірге өздеріне көшіп келуге үгіттеп, ИГИЛ жасағына тартып, жастарды азғыру үстінде. Қолдарына қару алып, өздерінің түсінігіндегі ислам құндылықтары үшін күресуге шақыруда», - деп қосты Бордюжа.

Бұл ретте бас хатшы бұл жұмыс - әскери еместігін атап өтті. Оны Ұйым елдерінің тиісті құзыретті қызметтері жүргізуде.

«Бізде тектік пен үйлесім бар. Осы операцияларды жүргіземіз. Біздің желіге енуге тырысқан кибер оқиғаларға байланысты мәселелермен айналысамыз. Яғни біз, ҰҚШҰ хатшылығы емеспіз. Біз - өз қызметі бойынша осы бағытты жүргізетін еліміздің мамандарымыз. Ең бастысы, осы жұмысты сәтті қатаң үйлестіруге қол жеткіздік», - деп сөзін түйіндеді ол.