Аудандық орталық кітапхананың директоры Гүлнар Мұратқызының айтуынша, ауданда 23 кітапхана ғана жұмыс істейді. Ондағы кітаптардың жалпы саны 401 мың дананы құрайды. Тек 2 кітапхана ғана интернетке қосылған. Кітапханалардың бәрінде бірдей жеке ғимарат жоқ. Олар әртүрлі нысанда қысылып, қымтырылып отыр. Тіпті орталық кітапхананың өзі Зейнеп Қойшыбаева атындағы орталық мәдениет үйінде орналасқан. Аудандағы 7 кітапхана ғана орталықтан жылытылады, қалғандары өз күнін өзі көруде.
13:04, 06 Қаңтар 2014
Құрамында 58 ауылы бар Алакөл ауданында 23 кітапхана ғана жұмыс істейді
АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - 70 мыңнан астам халқы бар Алакөл ауданы тұрғындарының 80 пайызын қазақтар құрайды. 1 кенттік, 22 ауылдық әкімшілік округке бөлінген бұл өңірде 58 ауыл бар.