Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ас құрамында кездесетін акриламидті аз мөлшерде болса да пайдалану денсаулыққа өте қауіпті. Бұл қатерлі ісік дамуына әкеп соғуы мүмкін. Қоспа құрамында көмірсутегі көп мөлшерде кездесетін тағамдарды қуыру немесе пісіру кезінде пайда болады. Басты талап - пісіру температурасы 120 градустан аспау қажет.
Мамандар тағамдарды термиялық өңдеу кезінде 175 градустан аспау керектігін айтады. Қауіпті қоспалар адам ағзасына картоптан 36 пайыз, кофеден 30 пайыз, нан өнімдерінен 13 пайыз түсуі мүмкін (ересектер үшін). Ал балаларда картоптан - 43 пайыз, чипсылар мен шоколадтан - 20 пайыз, нан өнімдерінен - 16 пайыз.