Құран хижра күнтізбесінің ІІІ ғасырына тиесілі болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақса мешітінде сақталған Құран Кәрім хижра күнтізбесі бойынша ІІІ ғасырға тиесілі, дейді құлшылық ордасының кітапхана әкімшілігі. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлады.

Кітапхана қызметкері Узбаки атап өткендей, көне қолжазбаның ғылыми және тарихи, әдеби маңызы өте зор. Сондай-ақ, ол Иерусалимдегі Ақса мешітінде 2000 қолжазба мен 200 Құран нұсқасы сақталғанын атап өтті.

Жоғарыда айтылған көне қолжазба мен көптеген құнды жәдігерлер Вифлеем университетінде өткен «Құдыс және Палестина қолжазбалары және оларды зерттеп-жариялаудың маңызы» атты семинарда жұртшылыққа таныстырылды.