Құран Кәрім әлемнің 180 тіліне аударылып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Дін істері басқармасының ресми өкілі қасиетті Құран Кәрімді әлемнің 180 тіліне аударуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Лондондық «Әл-Кудс әл-Араби» газетінде жарияланған мәліметте Мазхар Бильгин қасиетті Құран Кәрімнің мағыналық аудармасы әлемнің 180 тіліне жақын арада аударылатынын айтқан, деп жазады muslim.kz.

Ол қазіргі уақытта Құран Кәрімнің ағылшын, француз, орыс, испан, қырғыз, қазақ, болгар, босния тілдеріндегі аудармаларының дайын болғанын айтады. Аталмыш нұсқалар баспаға жіберіліп те қойған көрінеді.