Сондықтан да олар Фаджарға сәби кезінен бастап, Құран әуенін тыңдатып өсіреді. Кейіннен интерактивті тақта арқылы араб әліпбиін жаттатуға кіріседі. Теледидар мен басқа әуендерге жол жоқ деген қағидамен өскен Фаджар тоғыз жасында қасиетті Құранды жаттап шығады.
Анасының айтуынша, күнделікті Құран қайталап жүрген оның жағдайы жақсарып келеді. Және оны соңғы тапcырған сынақ нәтижесі де растап отыр. Қазір Фаджар мектепке барып жүр. «Бұл - қасиетті Құранның арқасы. Ол ұлымның ұйқыдағы ми клеткаларын оятты», - дейді 35 жастағы анасы.