Құранды өртеу «жауапсыз, масқара әрекет болып табылады» - Хиллари Клинтон
«Жаңалықтарда Гейнсилл қаласының (Флорида штаты) пасторы қыркүйектің 11-інде Құранды өртеуді жоспарлап отырғаны туралы айтылып отырғанын естіп, біз бір адамдай бас көтеріп отырмыз. Америкадағы барлық дін өкілдерінің жетекшілері - христиан-евангелистерден бастап раввиндерге дейін, тіпті зиялы қауым өкілдерінің осынау жауапсыз, масқара әрекетті айқын айыптауы маған рух беріп отыр», деп атап көрсетті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы. Клинтон ханым сондай-ақ, «АҚШ-тың діни төзушілікті ұстанатынын» баса атап көрсетті.
Хиллари Клинтон өз сөзінде «өткен аптада Таяу Шығыс бойынша келіссөзді жандандырып, біз ешқандай қиындыққа қарамастан, ілгерілеушіліктің мүмкін екеніне жұрттың көзін жеткіздік», деп атап көрсетті.