Қаланың шериф департаменті Джонс пен оның көмекшісіне қылмыс жасады деген айып тағылды деп хабарлады. Қазіргі уақытта Джонс пен оның көмекшісі қамауға алынды.
Ұсталған кезде пастор жүк машинасының жүргізуші кабинасында отырған. Ал көлікте керосин жағылған Құранның шамамен 3 мыңға жуық көшірмесі болған. Джонстың өзінің сөзіне қарағанда, 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестіктің салдарынан қаза болған әр адам үшін ол 2 мың 998 кітапты өртеп жібергісі келген.