Құрбан айт қарсаңында ерекше мешіт ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур мемлекетіндегі мұсылмандар ісіне жауапты министрі Якуб Ибрагим елдің бас мешітінің құрылысы 90 пайызға аяқталғанын мәлімдеді. Құлшылық ордасының ашылуы салтанаты қыркүйек айына жоспарланып отыр, деп хабарлады muslim.kz.

2 500 шаршы метр жерге орналасқан Орталық мешіттің сыйымдылығы 4 500 адамға арналған. Сондай-ақ, мешіттің басты ерекшелігі балалар мен аналарға жағдай жасалуында болып отыр. Мешіт аумағында ойын алаңы және емізулі сәбиі бар аналарға арналған бөлмелер қарастырылған.