деп хабарлады Әділет министрлігініңҚылмыстық атқаружүйесікомитетінің (ҚАЖК)баспасөз қызметінен.
Сотталғандардың дін бостандығына конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында қазіргі кезде республиканың пенитенциарлық жүйесінде діни ғұрыптарды атқару үшін жеке тұрған 35 мешіт пен шіркеу, сондай-ақ 175 ғибадат ету бөлмелері бар, деп атап өткен ведомствоның баспасөз қызметі.
Құрбан айт мейрамын тойлауға қатысты айтсақ, әдеттегідей, бұл салтанатқа жергілікті имамдар қатысады. Дін басшылары сотталғандарды төзімділікке, адамдар арасындағы достықты сақтауға және нығайтуға, жақындарына деген қайырымдылық пен қамқорлыққа шақырады.
Астанада орналасқан барлық түзеу мекемелерінде елордалық мешіттердің имамдары құрбандыққа шалынған малдардың еттерін таратады.
Ал Алматыда «Мұсылмандардың Ас-салам» мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ЛА-155/4 әйелдер колониясында театрландырылған қойылым көрсетіп, жазасын өтеп жатқан әйелдер үшін мерекелік дастархан жаяды.