Құрбан айт мейрамына орай ішкі істер органдарды күшейтілген қызмет режіміне көшіріледі
12:46, 09 Қазан 2013
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Құрбан айт мейрамына орай ішкі істер органдарды күшейтілген қызмет режіміне көшіріледі.
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. «Әдеттегідей, мейрам күндері республикада, оның ішінде Астанада да күшейтілген режім енгізілетін болады», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2013 жылғы қазандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2013 жылғы 12 қазан сенбіден 14 қазан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 14 қазанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.