Құрбан айт: Нұр-Сұлтанда мал бағасы қанша болуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі мен дін қызметкерлері мал базарының басшылықтарынан Құрбан айт кезінде мал құнын нарықтық бағадан асырмауды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Малдың бағасы бойынша базар басшылықтарыментүсіндіру жұмыстарын жүргіздік. 11 тамызға дейін олармен тағы да кездесеміз.Яғни, әлбетте, қазір мереке болғандықтан, малға деген сұраныс өте жоғарыболады. Сұраныс көп екен десек те, мал мен ет бағасын шамадан тыс көтертпеугетырысамыз. Жалпы, былтырғы жылдың тәжірибесі бойынша ұсақ малдың – қойдың еңқымбат бағасы 40-50 мың теңгенің шамасы болуы мүмкін. Ал негізі, қойдың құны 20 мың теңгеден басталады.Тиісінше, қойдың жасына байланысты баға әртүрлі болуы ықтимал», - дедіНұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының діни бірлестіктермен,миссионерлермен және теологиялық оқу орындарымен жұмыс жүргізу бөлімініңбасшысы Әділет Төлеутаев елорда әкімдігінің баспасөз орталығында.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасыныңбірінші орынбасары,Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай Өтпенов ірі қараның бағасы қанша болуы керектігін айтып өтті.

«Ірі қараның бағасы мөлшерімен белгілі. Мәселен,ірі-қара бойынша базар әкімшілігінің бізге ұсынып жатқан бағасы – 315 мыңтеңгені құрап тұр. Егер 7 адам бірігіп, ірі қара малды құрбандыққа шалуғабекінсе, бір адамға 45 мың теңгеден айналады. Бірақ, ол соманың ішіне барлығыкіретінін ескеру керек. Яғни, қасапшылар малды сойып, бөліп, бәрін дайындапбереді. Ет жетіге бөлінгеннен кейін жеті адам алып кете ме, қайырымдылыққа береме – өзі шешеді. Ірі қараға байланысты баға осындай. Әрине, біз өз тарапымызданмал сатушылардан бағаны қатты қымбаттатпауды сұраймыз. Себебі, халыққа қиындық жасамаукерек, көмек берілуі тиіс. Шариғатымызда да солай. Әдейі халыққа қиындықжасауға болмайды. Нарықтық баға қалай болса – сол бойынша сатуды малсатушылардан сұраймыз», - деді Наурызбай Өтпенов.

Оныңайтуынша, мал бағасын реттеуге дін қызметкерлері өкілетті емес.

Айта кетсек, Ораза айт мейрамынан 70 күн өткенненкейін басталатын Құрбан айт та жақындап келеді. Осыған орай, Қазақстанмұсылмандары діни басқармасы Құрбандық шалу барысында орындалуы тиіс талаптардыатаған болатын.

Соңғы жаңалықтар