Онда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, «ҚазақстанРеспубликасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабынасәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады.
Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыскүнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады.
Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. Биылол жексенбі - 11 тамызға келеді.
Алайда, Құрбан айт мемлекеттік жәнеұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормаларықолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, оданкейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды.