Құрбан айтқа орай «Нұр-Астана» мешітінде тегін кітаптар таратылды

ТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Елордадағы «Нұр-Астана» мешітінде Шәмшат Әділбаеваның «Хадис - ғұрпымыз, сүннет - салтымыз», Смайыл Сейтбековтың «Иман негіздері» кітаптары мен «Құрбан айт» кітапшасы мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтқа байланысты тегін таратылды,

деп хабарлады «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры».

ҚР Президентінің бастамасымен 2010 жылы құрылып, жұмыс атқарып келе жатқан «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» Қазақстан үшін дәстүрлі исламның ханафи мазхабын түсіндіріп тарату бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Қор өзі жұмысының алғашқы жылында-ақ, 26 аталыммен 1 млн. 98 мың дана кітап пен кітапшаларды жарыққа шығарды. Шығарылған барлық кітап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жіберіліп, мешіттер арқылы бүкіл республика аумағына таратылды, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерге өз жұмыстарында пайдалану үшін жіберілді.

Осындай үрдісті дәстүрге айналдырып, Қазақстан мұсылмандары арасында дәстүрлі ислам діні туралы жазылған әдебиеттерді тұрақты түрде таратып келе жатқан «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» бүгін де Астана қаласындағы «Нұр-Астана» мешітінің намазхандарына қор тарапынан шығарылған соңғы әдебиеттерінен мұсылмандардың ұлық мерекесі - Құрбан айтқа байланысты тағы да тегін таратуда.