Құрбан айтта елордадағы мұқтаж отбасыларға ет тегін таратылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың үш ауданында құрбандық шалатын орындар бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда қала әкімдігі құрбандық шалуға болатын 7 орынды бекітті. Яғни, олардың бәрі де тиістіталаптарға сай орындар. Осы 7 нүктеде қала бойынша құрбандық шалу рәсімдеріөтеді», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының бөлімбасшысы Әділет Төлеутаев елорда әкімдігінің баспасөз орталығында.

Оның айтуына қарағанда, құрбандық шалудың бекітілгенережелерін ескере отырып, 5 тамыздан бастап Әзірет Сұлтан мешітіндеқасапшыларға арналған оқыту семинарлары өткізілуде. Имамдар Шариғат заңыбойынша, ал тиісті мамандар санитарлық нормалар бойынша қасапшыларды оқытыпжатыр. Тренинг 11 тамызға дейін жалғасады.

«Осы уақытқа дейін мал соятын 7 орынға тексеру жұмыстарыжүргізілді. Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелеріне сай келуіне тексеріс өткізіліп, олардың мал союға дайын екені белгіліболып отыр. Мереке қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мал етінтарату жұмыстары жүргізіледі. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. 11тамыз күні көмекке мұқтаж отбасыларға құрбандыққа шалынатын мал еті күйіндекөмек көрсетіледі», - деді Әділет Төлеутаев.

Басқарма өкілі өз сөзінде қала бойынша мал бағасыныңнегізсіз көтерілуіне жол берілмейтінін айтады. Бұл ретте әкімдік тарапынанқатаң бақылау қолға алынбақ. Осы мақсатта мал базары басшылықтары түсіндіружұмыстарынжүргізді.Бекітілмеген орындарда да малдың сойылмауына ерекше маңыз беріледі.

Нұр-Сұлтандағы негізгі құрбандық шалу орындары:

Алматыауданы

«Метро» сауда орталығы, Астана-Қарағанды тас жолы.

Байқоңырауданы

«Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш тасжолы 30, Рубиком базары мен Әміре саудаүйінің ортасы;

«Шаушен» шаруа қожалығы, Астана-Павлодар тасжолының9-шы шақырымы;

«Темеш» шаруа қожалығы, Астана-Софиевка тасжолының 7-шақырымы.

Есжанов жеке кәсібі, «Жайлау», Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;

Сарыарқаауданы

«Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы Саянұр).

Есіл ауданы

«Алтын-Таға» базары Қосшы ауылының алды,

Айта кетсек, Ораза айт мейрамынан 70 күн өткенненкейін басталатын Құрбан айт та жақындап келеді. Осыған орай, Қазақстанмұсылмандары діни басқармасы Құрбандық шалу барысында орындалуы тиіс талаптардыатағанболатын. Биыл мерекеніңалғашқы күні 11 тамызға сәйкес келеді.

Соңғы жаңалықтар