Құрбан айтты әлеуметтік желідегілер қалай «тойлайды»
17:36, 31 Тамыз 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Виртуалды әлемде әлеуметтік желілер арқылы мерекемен құқттықтау қазіргі уақытта көз үйренген дүние. Соның ішінде, көңілді суреттермен құттықтаулар жіберу де сәнге айналды. Биыл Қазнетте Құрбан айт мерекесі қалай «тойланбақ». ҚазАқпарат тілшісінің топтамасымен танысып көріңіз.
Әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде Құрбай айтқа қатысты күлкілі суреттер мен құттықтаулар толып жүр.
Соның бірі мына бейнебаянда. Әлем балалары сыйлыққа ит, мысық тарту етсе, мәз болса, қазақ балалары қойға қатты қуанады.
Құрбан айт - мұсылман қауымның басты мерекелерінің бірі. Мұсылмандар Ибраһим пайғамдардан қалған дәстүр бойынша күнәсіне кешу сұрап құрбан шалады.