Құрбан айттың құрметіне әлем елдерінде жасалып жатқан шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрбан айттың құрметіне әлем елдерінде көптеген қайырымдылық істер атқарылып жатыр.

Атап айтқанда, Дубайда Құрбан 488 адамға рахымшылық жасалған. Осы мәселені прокуратура мерекеге дейін шешуге әрекет жасауда. Тек Дубайда ғана емес, Шаржы, Рас-әл-Хайма және Ажман эмираттарында да бұл игі іс жалғасына табуда, деп жазады muslim.kz.

Естеріңізге сала кетейік, БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның жарлығымен 442 адам рахымшылыққа ілінген болатын. Тағы айта кетерлігі, құрбан айттың құрметіне бұл елде бір апталық демалыс жарияланған.

Татар республикасы да құрбан айтқа қызу дайындық үстінде. Мейрам кезінде 10 мыңға жуық мал құрбандыққа шалынады деп жоспарлануда. Оған 17 арнайы орын бөлінген. Құрбандық еттері мұқтаж жандарға таратылады. Сондай-ақ, мереке күні қоғамдық көліктер өз жұмысын әдеттегіден ерте бастамақ. Ақылы автотұрақтар мейрам күндері тегін болады.



 Башқұрстан астанасы Уфа қаласында құрбан айт мерекесіне орай Kurban Halal Fest деген атаумен ауқымды шара ұйымдастырылатын болады. Ел тұрғындарының басым көпшілігі сол шараға қатысып, мейрамды көңілді өткізуге тырысады.


 
Мәскеу облысында да қасиетті мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Арнайы мал соятын орындар болмаса да, мейрамның құрметіне 38 орын дайындалыпты. Құрбан шалуға ниет білдіргендер осы арнайы орындарға барып малдарын құрбандыққа шала алады.

 
АҚШ-та құрбан айттың құрметіне арнайы почта маркалары шығарылған. Бұл почта маркалары мұсылмандардың екі үлкен мерекесі Ораза айт пен Құрбан айттың келуіне орай шығарылып тұрады. Сондай-ақ, АҚШ-тың бірқатар мектептері құрбан айт кезінде демалу құқығына ие болды.